Чинара Бугимбаева
"Qaganat" асханалар желісінің негізін қалаушы
Оның жетістігінің құпиясы мынада:
Әр затқа алаңдамай, сіз үшін бақыт және пайда әкелетін не екінін түсініп, бар ойыңызды сол басты заттарға арнауға үйрену.
Оның сүйікті дәйексөзі:
Табысты болғың келсе, табыстылардың жанныда бол”
"Біріншіден, біз жылдам ғана емес, сонымен қатар пайдалы тағамды да ұсынамыз, бұл біздің ойымызша өте маңызды. Екіншіден, біз халықтың көпшілігіне ұнайтын дәстүрлі үй тағамдарын ұсынамыз", - деп түсіндіреді"Компания Қағанат сервис" ЖШС негізін қалаушы және иесі Чинара Бугимбаева. Чинара Қазақстандағы Іскер Әйелдер Ассоциясының мүшесі. Ол Халықаралық Ernst&Young (EY Enterpreneur of the Year) “Жыл кәсіпкері” байқауының ұлттың кезеңінде “Қызмет саласындағы лидер” номинациясының жүлдегері атанды.


Жол қалай басталды
Жобаның басында асханада тек 3 адам ғана жұмыс жасаған, олар - аспазшы, кассир және Чинара, ыдыс жинап, еден жуып, қажет заттарды сатып алу және жоспарлау, аспазшымен мәзірді құрастырып, басшы рөлін де атқарған Чинара.
Оның айтуы бойынша ең басты шешім өз өміріңді жаныңа жақын және қолыңнан жақсы келетін іспен байланыстыру болып табылады. Осы мақсатпен ол жұмысты өз қызметкерлерімен бірге істеп жүріп, әр процесстің (үдерістің) егжей-тегжейі мен мәнін толықтай меңгерді. Бұл компанияның және қызметкерлерді өсуіне әсерін тигізді.
Объектілердің бүгінгі күндегі басшылары өз мансап жолын тағам тарататын және ыдыс жуатын қарапайым жұмысшы болып бастаған. Өзінің батырлығының, жігерлілігінің және өзіне деген сенімінің арқасында Чинара өз бизнесін жоғары сапа, әрқашан үйдегідей, үйлестірілген мәзір, қолжетімді және ең маңыздысы барлық қызметкерлерге тұрарлық еңбекақы сияқты принциптер бойынша сәтті ұйымдастыра алды.
Қызметкерлердің ауызбіршілігі мен командалық жұмыс жасай алуы, Чинарамен тұрақты кездесулерінің арқасында. Бұндай кездесулер жұмысқа ынтасын көтеріп, әр объектінің жұмысын тиімді жүргізуге көмектеседі.